«Көк байрағым желбіреп – Тәуелсіздік таңы атты!» тақырыбында мерекелік кеш өтті

0
1 994

Тәуелсіздіктің құрметіне орайластырылған бұл кеште білім беру саласында сапалы еңбегі үшін ұлағатты ұстаздарды марапаттау рәсімі де болып өтті


«Көк байрағым желбіреп – Тәуелсіздік таңы атты!» тақырыбында мерекелік кеш өтті

Түркістан облысындағы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Көк байрағым желбіреп – Тәуелсіздік таңы атты!» тақырыбында М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитеті және «Болашақ» студенттік өзін – өзі басқару ұйымымен бірлесе отырып салтанатты кеш ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің құрметіне орайластырылған бұл кеште білім беру саласында сапалы еңбегі үшін ұлағатты ұстаздарды марапаттау рәсімі де болып өтті.

Атап айтсақ, «Шымкент қаласының білім басқармасы» мен «Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестігі» ұйымдарының атынан құрмет грамоталарымен марапатталып, кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
Қазақстанның Тәуелсіздігі мәңгі болып, Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!-деген тілектегі колледж ұстаздар қауымына және кешке қатысушыларға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.