«Көкпар» интеллектуалды білім сайысы өткізілді

0
1 810

Аталған білім сайысы Отырар ауданы Қарғалы ауыл округіне қарасты шағын жинақты орта мектепте ұйымдастырылды.


«Көкпар» интеллектуалды білім сайысы өткізілді

Түркістан облысы Отырар ауданы Қарғалы ауыл округіндегі С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектепте «Көкпар» интеллектуалды білім сайысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған мектеп аясындағы «Шабыт» көркемсөз үйірмесінің жетекшісі М.Бектұрған ұйымдастырған шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында, «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» тақырыбын орындау және Тәуелсіздіктің 27 жылдығын а орай өткізіліп отыр.

Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығын насихаттау, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға 7-10 сынып оқушылары қатыстырылды.

Білім сайысына қатысушылар жеребе бойынша төрт топқа бөлініп, арнайы дайындалған түрлі білім салалары мен пәндерге қатысты сауалдарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.

Жеңіске жеткен команда мен білім сайысы барысында ұтымды жауабымен көзге түскен оқушылар мектеп басшылығы тарапынан алғыс хатпен және мадақтамамен марапатталды.