Конкурста үздік атанған студенттер білім грантын жеңіп алды

0
828

100-ге жуық магистранттар мен студенттер бақ сынады.


Конкурста үздік атанған студенттер білім грантын жеңіп алды

SILKWAY Халықаралық университеті ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсы аяқталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

SILKWAY Халықаралық университетінде жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу мақсатында жыл сайын ұйымдастырлатын профессор Бахтияр Саидұлы Юнусов атындағы білім гранты үшін ғылыми жобалар конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурс мақсаты - жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу,инновациялық идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру жәнеРеспубликамыздағығылымның дамуына үлес қосу.

Аталған конкурста 100-ге жуық магистранттар мен студенттер бақ сынады. Конкурс нәтижесіне орай өзектілігі мен маңыздылығы жоғары 13 ғылыми жоба үздік деп табылып, магистратура бойынша 3, бакалавр бойынша 10 білім алушыбайқау жеңімпаздары атанып, білім грантын иеленді.

Байқау жеңімпаздарына оқу орнының есебінен оқу мерзімінде 100% мөлшерінде грант және тиісті оқу жылына бекітілген шәкіртақы тағайындалады. Байқау оқу орнында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде білім грантының иегерлері саны 40-қа жуық.Аталмыш жобаның маңыздылығы да жоғары, себебі бүгінде байқау жеңімпаздары қаламыз бен республикамыздың болашағы үшін маңызы бар біршама бастамалардың иесі атанып отыр.