«Көп тілді білгенің, жарқын өмір сүргенің» онкүндігі өтті

0
1 644

Онкүндік Елбасының «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз» деген идеясын жүзеге асыру мақсатында өтті.


«Көп тілді білгенің, жарқын өмір сүргенің» онкүндігі өтті

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Ш.Уəлиханов атындағы жалпы орта мектебінде 3-14 желтоқсан аралығында «Көп тілді білгенің, жарқын өмір сүргенің» тақырыбы аясында орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің 10 күндігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны жария еткен болса, ал Қазақстан халқына 2018 жылғы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін атап көрсетті.

Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы тиіс.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Ал, қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды, ол үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», - деді.

Үштұғырлы тіл туралы жыл сайын Елбасымыз айтып келеді. Президент идеясына сәйкес, үш тілде білім беруді Қазақстан мемлекетінің мектептері егемендік алғаннан бері біртіндеп тәжірибеге енгізіп келеді. Елбасымыздың осы бағдарламасын жүзеге асырып, үш тілді еркін меңгерген жас ұрпақты тәрбиелеуде Созақ ауданындағы Ш.Уəлиханов мектебі де қалыс қалып жатқан жоқ. Мектеп мұғалімдері білім беру жүйесінде үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануда.

Өскелең ұрпақтың есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып, үш тілде еркін сөйлеуге үйретіп, үш тілде өз ойын еркін айтуға қалыптастыру мақсатындағы «Көп тілді білгенің, жарқын өмір сүргенің» тақырыбы аясындағы 10 күндік жоғары дәрежеде өтті.