Қос бірдей жаңа кітап көрмеге қойылды

0
2 688

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 40 жылдық мерейтойын атап өтті.


Қос бірдей жаңа кітап көрмеге қойылды

Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерейтойына орай қос бірдей жаңа кітап тұңғыш рет көрмеге қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Әзірет Сұлтан Мемлекеттік Қорық-музейіне сілтеме жасап.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шара барысында музейдің кітапханасында фото-кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге қорық-музей кітапханасында сақталған сирек кітаптар, Түркістан өңірі туралы, сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайлы құнды кітаптар қойылды.

Айта кетейік, Жуырда ғана «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне 40 жыл» және «Түркістан жазирасының қыш ыдыстары» атты 2 жаңа альбом-кітаптары баспадан шыққан болатын. Таңдап алынған қос кітап оқырмандар назарын аударды.

Шараға мекеме қызметкерлері мен қаладағы мектеп оқушылары қатысты. Жоғары деңгейде өткен көрмеде қойылған қос кітап келушілердің көңілінен шықты.