​Қос кітаптың тұсауы кесілді

0
2 105

Кітапта Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері үш тілде жазылған.


​Қос кітаптың тұсауы кесілді

Түркістан облысында «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері», «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты екі кітап жарық көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жарық көрген қос кітаптың тұсаукесері «Ұлы даланың жеті қыры және Түркістан» форумында өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев және ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар, ғалымдар мен журналистер және өзге де азаматтар қатысты.

Үш тілде шығарылып отырған «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері» атты кітап-фотоальбомда Түркістан облысының тарихи орындары түгел көрсетілген. Мұнда киелі орындар мен ескерткіштер туралы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде мәлімет беріліп, суреттермен көмкерілген.

Ал, «Оңтүстік қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты кітабында Түркістан облысындағы әулие-әмбиелер мен ел аузындағы тұлғалар туралы аңыздар мен әңгімелер жазылған. Бұл кітапта көне замандардан сыр шертетін әпсаналар мен қызықты деректер мол.

Сонымен қатар, осы күні «2017 жыл: айшықты оқиғалар» атты кітап та оқырманға жол тартты. Бұл кітапта өңірдегі өткен жылғы айрықша оқиғалар жазылған.