Қожамжаров ОҚО прокурорына қандай ескерту айтты

0
1 371

ERNUR.KZ. Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен өткен жиналыста Бас Прокурор, Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорына су қорғау аймақтарында жер учаскелерін бөлу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау және көму мәселелерінде қадағалауды күшейту қажеттілігіне назар аударды,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.


Қожамжаров ОҚО прокурорына қандай ескерту айтты

фото: prokuror.gov.kz

ERNUR.KZ. Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен өткен жиналыста Бас Прокурор, Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорына су қорғау аймақтарында жер учаскелерін бөлу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау және көму мәселелерінде қадағалауды күшейту қажеттілігіне назар аударды,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Одан бөлек, Қ.Қожамжаров Шығыс Қазақстан облысына – атмосфералық ауаның ластануы, жекелеген елді-мекендердің таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі, Ақмола – Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға және гидроқұрылыстардың салынуына бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдалану, Маңғыстау облысына – бортында мұнай өнімдері бар теңіз кемелерін кәдеге жарату және жердің өндіріс қалдықтарымен ластануы мәселелерінде қадағалауды күшейту қажеттілігіне назар аударды.

Бас Прокурор табиғатты қорғау прокурорларының қызметін сынға алды, олардың енжарлығын, жұмыстарының тиімсіздігін, экологиялық заңнаманың бұзушылықтарға дер кезінде мән берілмейтінін атап өтті.

«БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоршаған ортаға зиянды әсерлерден денсаулықты қорғау мәселелері күнделікті дерлік жариялы түрде талқыланады. Атмосфералық ауаның ластануы, ауыз судың жоқтығы, тұрмыс қалдықтарының бей-берекет сақталуы, су тасқынына әрекетсіздік танытып отырған уәкілетті мемлекеттік органдардың атына сын айтылып жатады. Бұның барлығы экология саласындағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуді талап етеді», - деді Қ. Қожамжаров.