ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев кентаулықтармен кездесті

0
1 422

Елбасының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде ұсынған бағдарламасын ҚР Парламент Сенатының депутаты Ә.Бектаев насихаттап жүр.


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев кентаулықтармен кездесті

Түркістан облысы, Кентау қаласына жұмыс іс-сапарымен ҚР Парламент Сенатының депутаты Ә.Бектаев келді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кешегі Елбасының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде ұсынған жаңа бағдарламаларын кеңінен түсіндіру мақсатында Кентау қаласы активі және қала депутаттарымен жиын өткізді.

Жиында ҚР Парламент Сенатының депутаты Ә.Бектаев мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан жаңа бағдарламалар мен бастамалар жайында сөз қозғап, халықтың әлуметтік жағдайымен әл-ауқатын одан ары жақсартуға бағытталған шаралар барысын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.

Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар тарапына сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды. Кездесуден соң, ҚР Парламент Сенатының депутаты Ә.Бектаев бірнеше Кентаулық азаматтарымен жеке қабылдау өткізіп, мәселелерімен ұсыныстарын тыңдады.