ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шымкентке жұмыс сапарымен келді

0
843

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев «Continental Logistics Shymkent» орталығының ұжымымен кездесті.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шымкентке жұмыс сапарымен келді

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракцияның мүшесі Нұржан Әлтаев «Оңтүстік» көлік-логистикалық аймағында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Депутат «Continental Logistics Shymkent» орталығының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті. Орталықтың басшысы Болат Жолдасов кешеннің жұмыс барысымен таныстырды. Нұржан Бауыржанұлы көлік логистика орталығында орналасқан Шымкент кедендік рәсімдеу бекетінде болды.

Мұнан соң А+ санатындағы кешендегі құрғақ және климаттық қоймаларын аралады. Контейнерлік терминалды арнайы көрген халық қалаулысы орталықтың жұмысына оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығы Қазақстанның еуразиялық көлік-логистикалық хабына айналу жобасы бойынша мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылған. Аумағы – 92 гектар. Нысан әуежайға жақын және теміржол бар. Тауарды жинау және сақтауға бағытталған орталық арқылы жылына 600 мың тонна тауарды сақтауға және тасмалдау болады. Тауарларды автокөлік жолдары және теміржолмен жеткізуге болады. Бұл кешен тәулік бойы жұмыс істейді. 138 адам жұмыспен қамтылған.