Шымкентте кәсіпкерлерді өлтірген күдікті ұсталды

0
1 007

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1994 жылы туылған азамат ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындады.


Шымкентте кәсіпкерлерді өлтірген күдікті ұсталды

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны үйінде екі азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама берген. Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобымын мәйіттердің тұлғасын анықталып, 1948 жылы туылған әкесі және оның 1973 жылы туылған қызы екені расталды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Криминалды полицейлер анықтағандай, жәбірленушілерді зорлық-зомбылықпен өлтіріп, олардың денесінде көптеген пышақ жарақатын келтірген. Аталған жайт Абай ПБ-нің СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің «адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1994 жылы туылған азамат ұсталып, кінәсін мойындады. Көршілердің айтуынша, күдікті қаза болғандардың туысы.

Айта кетейік, мұрқұмдар темекі өнімдерін сатумен айналысқан.