Қытайлық ​ компания Түркістан облысында 30 млн долларлық зауыт салуды жоспарлап отыр

0
1 524

Түркістан - Бәйдібек. Инвесторлар Түркістан облысына келіп, онда Бәйдібек ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Бәйдібек ауданының аумағында жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.


Қытайлық ​ компания  Түркістан облысында 30 млн долларлық  зауыт салуды  жоспарлап отыр

Қытайлық «Xinjiang Tianye Water Saving Irrigation System Co., Ltd» компаниясы Түркістан облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы «TURKISTAN INVEST» «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"TURKISTAN INVEST" компаниясының басқаруымен жүзеге асатын жобаға қытайлық тарап 30 миллион АҚШ долларын бөлуге дайын.

Екіжақты келіссөздер өткеннен кейін инвесторлар Түркістан облысына келіп, онда Бәйдібек ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Бәйдібек ауданының аумағында жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ, əрі қарайғы ынтымақтастықтың перспективалары айқындалды.
Түркістан өңірі Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Осындай жобаларды жүзеге асыру елімізден бөлек, Орталық Азия елдерімен де бәсекелесуге өз үлесін қосады.

Естеріңізге салар болсақ, "Xinjiang Tianye" компаниясы Қытайдың батыс өңіріндегі ең ірі жетекші кәсіпорындардың бірі. Аталған мекеме 1996 жылы шілде айында құрылып, бүгінгі таңда құрылыс, электр станциясы, цемент, мұнай өңдеу, аграрлы шаруашылық, химиялық тыңайтқыш өңдеу, өндіру саласында елдегі көшбасшылардың біріне айналды.