«Қызық жігіттер» жайдарманда топ жарды

0
1 707


«Қызық жігіттер» жайдарманда топ жарды

Шымкент қаласында Түркістан облысы арнаулы оқу орындары арасында өткен, 2018 жылдың «Маусымашар» ойындарының қорытындысы бойынша, Арыс қаласынан қатысқан «Қызық жігіттер» тобы жеңіске жетіп, I-орынды иеленіп, кубокты қанжығасына байлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар облыстық жастар орталығының басшысы Б.Дүйсебековтың арнайы дипломымен және 150 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Келешегіміздің келбеті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – «Ертеңімізді жасайтын бүгініміз». Жастарға деген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Қазіргі таңда КТК ойындары – жастарға тек қана көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы ойларды, маңызды мәселелерді қозғап, достық қарым-қатынастың нығайуына септігін тигізуде.

Ендеше, жеңімпаз топқа шығармашылық табыстар мен биік белестерді бағындырып, Арыс өңірінің мәртебесін көтере берулеріне тілектеспіз.

Дереккөз: Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі