Қызылорда тұрғыны шымкенттіктердің аузын "айға" қаратып кеткен

0
1 078

​ERNUR.KZ. Ш​ымкенттің тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға несие алып беремін деп қомақты қаржыларын алаяқтықпен алып келген күдіктіні ұстады.


Қызылорда тұрғыны шымкенттіктердің аузын

ERNUR.KZ. Шымкенттің тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға несие алып беремін деп қомақты қаржыларын алаяқтықпен алып келген күдіктіні ұстады. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, күдікті Қызылорда облысының тұрғыны. Оның 40-тан астам алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталып отыр. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 20 миллион теңгеден астам. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ақпарат ретінде айта кетейік, жыл басынан бері шымкенттік полицейлер 50 алаяқтық қылмысын әшкереледі. Олардың ішінде банктен несие әперу, оқуға түсіру және де жұмысқа орналастыру секілді жәйттары басымырақ.