​Мәдениет қызметкерлері "Қаңбақ шал" ертегісін сахналады

0
2 396

Жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін «Қаңбақ шал» ертегісі халықтық мәні зор шығарма.


​Мәдениет қызметкерлері

фото: facebook.com

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын насихаттау аясында Түркістан облысы Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдық елдімекендерге "Қаңбақ шал" ертегісі қойылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін «Қаңбақ шал» ертегісі халықтық мәні зор шығарма. Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұл ертегіні таңдаңдағы мақсаты – жас ұрпақты алды артын ойлауға, қай істі бастамас бұрын да «жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегенді ұғындыру. Адал еңбекпен нан табуды насихаттап, ертегідегі «дәулердей» сараң, ақымақ, түлкі секілді ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүрмеуді үйреткісі келеді.

Жылжымалы топпен шыққан мәдениет қызметкерлері аталмыш қойылым арқылы балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, жас жеткіншектерге саналы тәрбие беруді насихаттайды. "Қаңбақ шал" ертегісі қала мектептері мен барлық ауылдарда арнайы кесте бойынша сахналанбақ.