Мақтааралда «Үкілі үміт – 2018» байқауының жеңімпазы Айша Бақытжан концерттік кешін өткізді

0
1 565

Кешке арнайы аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, жас дарын иесіне аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.


Мақтааралда «Үкілі үміт – 2018» байқауының жеңімпазы  Айша Бақытжан концерттік кешін өткізді

Түркістан облысы білім басқармасының «Арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «а» сынып оқушысы Айжан Бақытжан «Өмір ғажап сіздерменен» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған концерттік кешін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешке арнайы аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, жас дарын иесіне аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.

«Құрметті Айша! Бүгінгі концерттік кешің құтты болсын. Өнердің биік шыңдарын бағындыр. Мақтааралдың мақтанышы болып жүре бер. Аудан әкімдігі әрқашан жас дарын иелерін қолдауға әзір. Өнерің өрге жүзсін!» - деді Алтын Күнтуқызы.

Айта кетейік, концерттік кештің иесі А.Бақытжан жанды дауыспен де ән шырқады. Сондай-ақ, бірнеше ұлттың биін билеп, көрермендердің қошеметіне бөленді.