​Мақтаарал ауданы әкімдігі чемпион атанды

0
1 619


​Мақтаарал ауданы әкімдігі чемпион атанды

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Түркістан облысы Жетісай ауданында «Тұғыры биік – Елбасы!» атты кіші футболдан мемлекеттік органдар мен екінші деңгейлі банк қызметкерлері арасында жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шарада өздерін үздік көрсете білген Мақтаарал ауданы әкімдігі І орынды жеңіп алып, чемпион атанды. Кіші футболдан ешкімге есе жібермеген команда ойын алаңында өздерін мойындатты.

Аталған шарадағы жеңісі үшін бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков команда мүшелерін қабылдап, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ чемпион болған команда мүшелерін арнайы марапаттады. Сонымен қатар, ізгі тілегін арнап, қошеметін көрсетті.

«Қызмет пен спортты қатар алып жүру – бақытты болашақтарыңыздың кепілі. Аудан әкімдігінің атын асқақтатып, беделін көтергендеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, өмірлеріңізге бақ-береке тілеймін!» - деді Б.Төребеков.