Мақтаарал ауданы әкімі: «Жастар жылында жастардың барлық проблемаларын шешуге тиіспіз»

0
1 925

Мақтааралда аудан әкімі Бақыт Асанов, жастар мәселесін май шаммен қарады. Жиында ел болашағының әлеуметтік мәселелері кеңінен талқыланып, жастар жағы аймақ басшысынан аллея мен театр салып беруді сұрады.


Мақтаарал ауданы әкімі: «Жастар жылында жастардың барлық проблемаларын шешуге тиіспіз»

Мырзашөл өңірінде өткен басқосуда аудан басшысы жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, көп балалы жас отбасыларды баспанамен қамту және оқу бітірген жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша тапсырмалар берді- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ауданы әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен «Жастар жылында» атқарылар іс-шаралар жоспарын бекіту мақсатында алқалы жиын өтті. Басқосуда аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Сүндет Кенжебаев аудан орталығынан жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, түрлі мәдени іс-шараларды өткізулері үшін «Жастар аллеясы» мен жастар театрын ашу жөніндегі ұсынысымен бөлісті.

Өз кезегінде Бақыт Насырханұлы оқу бітірген жастарды мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру, көп балалы жас отбасылардың баспана мәселелерін шешу, мамандығы жоқ жұмыссыздар арасында қысқа мерзімді оқыту мен қайта даярлау курстарын жандандыру сынды өзекті мәселелерді бірінші кезекте шешу керектігін айтты.

«Біз сіздерді әрқашанда қолдаймыз. Ел еңсесін көтеруге өз үлестеріңізді қосуларыңыз үшін сіздердің алар білімдеріңіздің сапалы болғаны маңызды. Елбасы тапсырмасын жүзеге асырып, сенімді ақтауларыңыз үшін аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендердің жастарымен бірлесе жұмыс жүргізулеріңіз керек. Сіз бен біз жастар жылында жастардың барлық проблемаларын шешуге тиіспіз»,- дейді Бақыт Асанов.

Жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулардың ауқымы жыл санап артып келеді. Мақтаарал жастары – өнерде, білім мен ғылымда, спортта, қала берді жеке кәсіпкерлік саласындағы тамаша жетістіктерге жетіп жүр.