Мақтаарал ауданының 90 жылдығына дайындық қызу жүріп жатыр

0
3 174

Түркістан-Мақтаарал. Үш күнге созылатын думанның алғашқы күні Атакент кентінен бастау алмақ. Бұл күнде облыстық мейрамханалар мен қолөнершілер байқауы, қазақ мақтасының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді деп жоспарлануда.


Мақтаарал ауданының 90 жылдығына дайындық қызу жүріп жатыр

Үстіміздегі жылдың қараша айының 16 - 17 - 18-жұлдызы күндері Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерей тойы аталып өтпек.Бүгінде ауданда тарихи шараға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ауданның 90 жылдығы аясында ұлттық қолөнершілер мен ұлттық тағамдар байқауы, ғылыми конференциялар мен көкпар ойындары ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды осы өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Үш күнге созылатын думанның алғашқы күні Атакент кентінен бастау алмақ. Бұл күнде облыстық мейрамханалар мен қолөнершілер байқауы, қазақ мақтасының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қонақтар "Алпамыс" стадионында жастар арасында өтетін ұлттық ойындар сайысына қатысып, бауырсақтар фестивалін де тамашалай алады. 90 жылдықтың алғашқы күні "Мақтааралым - мерейлі мекенім" атты гала концертпен қорытындыланады.

Мерей тойдың екінші күнінде Мырзакент кентінде "Терме - бойтұмарым" атты термешілер байқауы, "Алтын күз - 2018" іс-шарасы мен палау фестивалі ұйымдастырылып, Жетісай ауданы өнерпаздары мен түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт өтетін болады.
Ал, Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерей тойының үшінші күні аудан тұрғындары арасында ұлттық ойындарымызды кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып өткізілетін көкпар ойындарына жалғасады.