МАҚТААРАЛ: Су басқан елдімекендер толықтай судан тазартылды

0
765

Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы жарылып, ондағы су Мақтаарал ауданының бес бірдей елдімекенін шайып кеткен болатын.


МАҚТААРАЛ: Су басқан елдімекендер толықтай судан тазартылды

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елдімекендер толықтай судан тазартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің барлығы судан тазартылды. Әкімдік қызметкерлері, Қазсушар, ТЖК, әскерилер және Өзбекстан Республикасы төтенше жағдай қызметкерлерінің табанды қызметтерінің арқасында аз уақыт ішінде Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрып, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуына жағдай жасалды», деп жазады облыс әкімінің орынбасары.

Еске салайық, Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы жарылып, ондағы су Мақтаарал ауданының бес бірдей елдімекенін шайып кеткен болатын.