​Мақтаарал жастары «Жайдарманда» Елбасы мақаласын насихаттады

0
1 187

Елбасы мақаласын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында өткен көңілді тапқырлар сайысы аудандағы ең таңдаулы құрамалардың басын қосты.


​Мақтаарал жастары «Жайдарманда» Елбасы мақаласын насихаттады

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында жастар арасында аудандық «Жайдарман» ойындары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жастарымыздың асыға күтетін жайдарман ойынын тамашалауға келген көрермендердің де қарасы көп болды. Жеңіске жетуді мақсат еткен әрбір команда ұтымды әзіл, тапқыр сөзбен сайысты қызықты өткізіп, көрермендер қошеметіне бөленді. Сайысты бағалаушы әділқазылардың қатарында жаны жағымды қалжыңға құмар ауданның белсенді жастары болды.

Қоғамның кемшін тұстары мен жеткен жетістіктерін әдемі қалжыңмен жеткізе білген жастардың жеңіске деген ынта-жігерлері жоғары екені бірден-ақ байқалды.

Бұған дейін де аудандағы жастардың өнерлерін шыңдауға, дамытуға барынша жағдай жасап, қолдау көрсетіп келген Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бұл бастамасы көпшілікке үлгі болып-ақ отыр. Өйткені – тасада танылмай, ауылдарда қалып жатқан жастарды жарыққа шығарып, өнер-қабілеттерін көпшілікке паш ете отырып оларды облыстық, республикалық деңгейдегі сахналарға шығуына тікелей ықпал етіп келеді.

Сайыс қорытындысы бойынша ұтымды әзілдерімен, тапқырлықтарымен көзге түсіп, көрермен ықыласына бөленген командаларға арнайы дипломдар табыс етіліп, сәуір айында өтетін ширек финалға жолдамалар берілді.