​«Мақтаарал» жеңіске жетті

0
1 279

Ең алдымен «Мақтаарал» командасының жасөспірім ойыншылары алматылық «Рузаевка» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.


​«Мақтаарал» жеңіске жетті

Мақтаарал ауданындағы «Алпамыс батыр» стадионында футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасындағы жарыстың IV кезең ойындары болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыста мақтааралдық жасөспірімдер оза шауып бірінші орынды жеңіп алды. Ең алдымен «Мақтаарал» командасының жасөспірім ойыншылары алматылық «Рузаевка» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, Павлодар облысының «Екібастұз» командасын 9:0, Шымкент қаласының «Қыран» командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Нәтижесінде 29 ұпаймен мақтааралдық жасөспірімдер бірінші орынға шықты.

Ойынның марапаттау рәсіміне аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Татеев, Қазақстан футбол федерациясы балалар мен жасөспірімдер футболының бас маманы Қуандық Ермекбаев, «Мақтаарал» футбол клубының директоры Мейіржан Есенқараевтар қатысып, киелі Мақтаарал ауданында футболды шебер ойнайтын жасұрпақ өсіп келе жатқандарына көз жеткізді.
Ойынның қорытындысы бойынша орын алған командалар арнайы марапатталып, бірінші орынды алған «Мақтаарал» командасына кубок берілді. Сонымен қатар, ең үздік қақпашы (Даниил Кустов, «Екібастұз»), ең үздік қорғаушы (Қуаныш Тұрдыбек «Қыран»), ең үздік жартылай қорғаушы (Даниял Түлендиев, «Мақтаарал»), ең үздік шабуылдаушы (Арыстан Сайфутдинов, «Рузаевка»), ең үздік бомбардир (Диас Құрманғалиев, «Рузаевка»), ең үздік ойыншы (Мағжан Темірәлі, «Мақтаарал») анықталып, сый-сияпаттар берілді.