Мақтааралда мал ұрлығы көп: Бақташы барымташыны тоқтата ала ма?

0
2 916

Мақтааралда ұрылар қорада тұрған малдан гөрі, жайлауда жүргенін көбірек әкетеді екен. Осыған орай, аудан әкімі бақташы штатын ашуды қарастырып отыр.


 Мақтааралда мал ұрлығы көп: Бақташы барымташыны тоқтата ала ма?

Мақтаарал ауданында соңғы кездері өршіп тұрған мал ұрлығын болдырмау, алдын алу мақсатында жекелеген ауыл аймақтарында бақташылық штат берілуі мүмкін - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жайында аудан әкімі Бақыт Насырханұлы Атакентте өткен халықпен кездесуінде айтты.

Мал ұрлығы қылмыстарының ішінде шаруаның жеке қорасынан ұрланғандарға қарағанда жайылымдық жерден ұрланған малдардың саны көп. Аудан тұрғындарының айтуынша, мал ұрлығының мұндай үлкен пайыздық дәрежеде өсуінің басты себебі – ішкі істер органдары қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстардың өз деңгейінде атқармауынан екен.

«Жайылымдарда, егістік алқаптарда, тоғайлар мен басқа да жерлерде малдардың ұрлану ықтималдығы жоғары болуына байланысты жекелеген ауыл аймақтарында бақташылық штат бірлігін қарастыру қажеттігі де туындап отыр. Себебі, мал жайылымдарында мал ұрлығының көбейіп кетуі бірінші кезекте бақташының болмауынан, малдардың бақылаусыз жүруінен орын алуда»,- дейді Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов.

Сондай-ақ, жаяу адамның жетуі қиын автокөлік жолдары жоқ жайылымдарға мал қораларына барып тексеру, бақылау жүргізіп тұру үшін жеке ауыл тұрғындарының келісімімен учаскелік полиция инспекторларына мініс аттарын уақытша пайдалануға беру, әрбір мал ұрлығы қылмыстың ізін суытпай ашып, қылмыскерді әшкерелеу үшін автокөлік жолдарында түнгі патрульді күшейтіп, сырғаланбаған және төлқұжаты жоқ малдарды тасымалдауға тосқауыл қою сынды мәселелерге айрықша мән берілмек.