Мақтааралда «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өтіп жатыр

0
2 393

Мақсат – тіл мәртебесін арттыру. Оған этно – мәдени бірлестіктер белсене атсалысты.


Мақтааралда «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өтіп жатыр

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акциясы Мақтаарал ауданында өз жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал Аграрлық колледжі студенттері осыған орай іс-шара ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Мақсат – тіл мәртебесін арттыру. Оған этно – мәдени бірлестіктер белсене атсалысты.

Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені. Қазақ елінде ынтымағы жарасқан 140-тан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Сондай-ақ елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс жылдан жылға артып келеді.

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысушылардың сөзінше, тіл үйренуде ешқандай қиындық жоқ. Тек меңгергісі келетін кез-келген адам ниеттенсе болғаны. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеуі, ана тілін білмейтін жастарға ой салса екен дейді.