​Мақтааралда сотты болған 203 азамат жұмысқа орналастырылған

0
1 063

Сондай-ақ, 370 азаматқа 1189 әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген.


​Мақтааралда сотты болған 203 азамат жұмысқа орналастырылған

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында пробация мәселелері бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған және шартты түрде сынақ мерзімін алған азаматтарды әлеуметтік қамту, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында ұсыныстар ортаға салынып, тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жиын барысында аудандық пробация бөлімінің басшысы, әділет капитаны Б.Көгенбай мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Жұмаділаевтың есебі тыңдалып, ұсыныстары қаралды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова мекеме басшыларының алдағы жоспарларын айқындап, атқарылуы керек жұмыстарға бағыт көрсетті.

Айта кетейік, жыл басынан бері Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебіненөткен сотты болған 370 азаматқа 1189 әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген. Сондай-ақ, 2 азаматқа медициналық емдеу, 368 азаматқа психологиялық көмек көрсетілсе, 13 азаматтың арнайы мамандандырылған орта білім аулына жәрдем берілген.

Бұдан бөлек, сотты болған 203 азамат жұмысқа орналастырылған, 17 азаматқа аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі тарапынан әртүрлі көмектер көрсетілген. Сондай-ақ, 586 азаматқа басқа да көмектер көрсетілген.

Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі