Мақтааралдағы Фердауси мектебінде жағдай тұрақталды

0
1 063

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 4 қыркүйек күні бастауыш сыныпта оқитын (1-4 сыныптар) қыз балалардың барлығы талапқа сәйкес формаға көшті.


Мақтааралдағы Фердауси мектебінде жағдай тұрақталды

Мақтаарал ауданына қарасты «Жаңа жол» ауылдық округі, Фирдауси елді мекеніндегі А.Фердауси жалпы орта мектебіндегі жағдай тұрақты қалыпқа түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Фердауси атындағы жалпы орта мектепте 700 оқушы білім алса, соның 371-і қыз баласы. Олардың барлығы дерлік мектепке діни атрибуттық белгілері бар формамен келіп жүрген. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 4 қыркүйек күні бастауыш сыныпта оқитын (1-4 сыныптар) қыз балалардың барлығы талапқа сәйкес формаға көшті. Ал, жоғары сыныпта оқитын қыз балалардың 165-і біріңғай мектеп формасын сақтап, сабаққа қатысып отыр. Сондай-ақ, мектеп формасын сақтамаған 60 қыз баланың ата-анасымен мамандар жұмыс жүргізуде.

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім жəне ғылым министрінің2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілген.

Мәселені шешу үшін аудан әкімдігі және облыстық білім, ішкі саясат, отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаларының қатысуымен арнайы жұмысшы топ құрылып, нақты іс-шара жоспары бекітілді. Топтың құрамына облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қосылды. А.Фердауси атындағы жалпы орта мектепте 3 қыркүйектен бастап біріңғай мектеп формасын сақтамаған оқушыларға білім ұясына кіруге тиым салынды. Сондай-ақ, 3 күн бойы мектептен қалған оқушылардың ата-аналарына айыппұл салу шаралары жасалынды.

Наразылықтанытқанауылтұрғындарынажұмысшытоптыңмүшелерітүсіндіружұмыстарынжан-жақтыжүргізді. Мемлекеттікоргандар мен дінибірлестікмамандары да ата-аналарқауымы, ауылбилеріжəнезиялықауымөкілдеріменбірнешежиындарөткізіп, зайырлымемлекеттіңбілімұяларындағыортақстандарттардысақтауталабытүсіндірілді. Арнайы барған 40 психологмаманмұғалімдермен және оқушылардыңәрбіріменжұмысістеп, зайырлыелдегіеңбастықұндылық – мемлекетзаңынабағынуекенінайтты. Стресске қарсы және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарымен тренингтер өтуде. Бүгінде облыстық білім басқармасы мен жергілікті әкімдік тарапынанәлеуметтік жоспар жасалынды. Қыркүйектің 7-нен бастап оқушылар спорттық және мәдени іс-шараларға қатысады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында А.Фердауси атындағы жалпы орта мектеп ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Биыл республикалық бюджеттен 600 орынды білім ұясына 1 млрд. 350 миллион теңге бөлініп, соңғы үлгідегі оқу орны салынды.