​Мақтааралдықтар «ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ. АСТАНА» фильмін тамашалады

0
1 494

«Елбасы жолы. Астана» фильмін тамашалауға Елбасының сыныптасы Рауза Төлемісова келді.


​Мақтааралдықтар «ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ. АСТАНА» фильмін тамашалады

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бастаған мемлекеттік қызметкерлер Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сонау қиын-қыстау, елдегі қаржылық дағдарыс қиын кезеңдерде болашақты болжай алатын Елбасының батыр қадамдары мен іскерлік қабілетін, талапшылдығын дәріптейтін көркем фильм көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ, фильмде Елбасының суреттелген тақыр жерге қала тұрғызу ісінде кездескен ішкі және сыртқы қиындықтармен қатар Қытай мемлекетімен шекараны бекіту ісінде қол жеткізген саяси жетістігі, жеңісі Мақтааралдықтардың мемлекет басшысына деген құрметін, сенімін арттыра түсті.

«Фильмде өздеріңіз көргендей еліміздің бас қаласын құрып, оны әлемге танытуда Елбасымыздың ерлігі орасан. Қандай қиындықтарға, қаржылық тапшылықтарға қарамай көрегенділігімен салынған Астанамыздың биыл 20 жылдығы. Осы фильм арқылы жас мемлекеттік қызметкерлер, тіпті, бәріміз де өнеге алуымыз керек. Еліміздің дамуына Елбасымызды қолдап, адал еңбек етуге міндеттіміз», - деді Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлы.

Сонымен қатар, фильмнен соң Елбасы сыныптасы Рауза Төлемісова мен «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы», еңбек ардагері Қасымбек Хаметовтер өз ойларымен бөлісіп, мемлекеттік қызметті таңдаған жас мамандарға өнегелі әңгімелерін айтты.

Іс-шара соңы Елбасының сонау балалық шағы мен мектеп қабырғасындағы өмірі, сыныптастарының ой-пікірлері мен естеліктері топталған Рауза Төлемісованың сыныптасы Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайында дайындаған 20 минуттық «Тәңірдің сыйы» атты деректі фильмін тамашалаумен қорытындыланды.