Мақтааралдың әкімі шаруа қожалықтарын аралап жүр

0
1 367

Еңбекші аулыдық округіне қарасты 5 елді мекенде 5983 тұрғын бар. 856 шаруа қожалық 5328 гектар егістік алқапты игеріп отыр. Сондай-ақ, 13 шаруа қожалық мал бордақылаумен, 4 шаруа қожалық шағын жанұялық сүт фермасымен айналысуда.


Мақтааралдың әкімі  шаруа қожалықтарын аралап жүр

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Еңбекші және Иіржар аулыдық округтеріне қарасты елді мекендерді аралап, шаруа қожалықтардың ахуалымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еңбекші аулыдық округіне қарасты 5 елді мекенде 5983 тұрғын бар. 856 шаруа қожалық 5328 гектар егістік алқапты игеріп отыр. Сондай-ақ, 13 шаруа қожалық мал бордақылаумен, 4 шаруа қожалық шағын жанұялық сүт фермасымен айналысуда. Округте 6 мектеп, 9 балабақша, 1 СВА, 4 ФАП, 1 кітапхана, 12 сауда нүктесі, 1 жанар жағармай құю бекеті, 1 мақта жүн түту цехы, 1 диірмен, 1 почта бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Еңбекшінің тұрғындары негізінен ауыз су, көшеге асфальт төсеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, аудан әкімі Нұрлытаң елді мекеніндегі апатты жағдайдағы көпірді арнайы барып көріп, мәселені шешуді келесі жылдың жоспарына енгізетінін айтты.
Мұнан соң өңір басшысы Иіржар аулыдық округіне аялдады. Тұрғындарының саны 10 мыңнан асаты округте 9 елді мекен бар. Иіржарлықтар да мал шаруашылығын дамытуда ілгерілеп келеді. Округте тұрғындар 4720 ірі қара, 1860 уақ малдар, 422 жылқы, 5615 құсты бағып отыр. Сондай-ақ, 7439,2 гектар егістік алқапты шаруалар игерген.
Иіржар ауылдық округінде 6 мектеп, 2 СВА, 4 ФАП, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 3 почта бөлімшесі, 1 кооператив, 12 сауда нүктелері халыққа қызмет көрсетуде. Округте жаңа мектеп ғимараттарын салу қарқынды жүріп жатыр. Білім күні қарсаңында облыс әкімі Ж.Түймебаев осындағы Наурыз ауылында Н.Бекежанов жалпы орта мектебін ашып берген болатын.
Иіржарлықтар да негізінен ауызсу, көшеге асфальт төсеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, ПУИД-2 бағдарламасы бойынша тік дренаждар мен коллекторлық жүйелерді тазалауды тезірек қолға алу керектігін жеткізді.