Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

0
749

"Nur Otan" партиясының белсенді мүшелері – халық қалаулылары, меценаттар атсалысып, 80 тоннадай жүк жіберіп отыр.


Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл игі іс "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған.

Бастамаға партияның белсенді мүшелері – халық қалаулылары, меценаттар атсалысып, 80 тоннадай жүк жіберіп отыр. Оның ішінде құрылысқа қажетті қызыл кірпіш, газоблок пен құрғақ қоспалар бар. Жомарттық жасаушылар қатарында депутаттар – Ж.Үшкемпіров, Д.Молдахалықова және Т.Ботабеков атсалысқан.





Керуенді Мақтааралға шығарып салған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев жетісулықтар Мақтааралмен бірге екенін, гуманитарлық көмек екінші мәрте жөнелтіліп отырғанын хабарлады. Бұған дейін мамыр айының ортасында Алматы облысынан Мырзашөлге 260 тоннадан астам гуманитарлық көмек келген болатын.