​Мақталы Мақтаарал 90 жылдық мерейтойына шақырады

0
2 961

17 қараша «Алпамыс батыр» стадионында «Бауырсақ фестивалі» іс-шарасы өтеді


​Мақталы Мақтаарал 90 жылдық мерейтойына шақырады

Ағымдағы жылдың 16, 17 және 18 қараша күндері Мақтаарал ауданының 90 жылдығы мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар жоспарлануда. Осы айтулы мерекеге орай аудан әкімдігі облыс тұрғындарын мақталы Мақтаарал өңіріне шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерейлі мерекеге орай үш күні бойы өтетін іс-шаралардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

16 қараша. Мырзакент кенті.

10:00-11:00. «Ақ алтын» мәдениет үйінде ауданның 90 жылдық мерекесінің ашылу салтанаты.
11:00-12:00. «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Терме – бойтұмарым» атты термешілер байқауы.
11:30-12:30. Кенттің орталық алаңында күзгі жиын-терім науқанының қорытындысына бойынша «Алтын күз – 2018» іс-шарасы.
12:30-15:30. «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтында Қазақ мақтасының 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Атакент кенті).
12:30-13:30. Кенттің орталық алаңында Жетісай ауданы өнерпаздарының «Мырзашөлім – мырза елім» атты концерті.
13:00-15:30. Кенттің орталық алаңында «Палау фестивалі» іс-шарасы.
14:30-16:00. Кенттің орталық алаңында жастар арасында жайдарман ойындары.
16:00-18:00. Кенттің орталық алаңында аудан өнерпаздарының мерекелік концерті, отшашу шоуы.
17 қараша. Атакент кенті.
11:00-12:30. «Алпамыс батыр» стадионында Түркістан облысы бойынша тауар өндірушілер мен қолөнершілер көрмесі.
11:00-12:45. «Алпамыс батыр» стадионында аудандағы орта білім мекемелері өнерпаздарының ән шашуы.
12:30-13:30. «Алпамыс батыр» стадионында «Бауырсақ фестивалі» іс-шарасы.
12:45-14:45. «Алпамыс батыр» стадионында облыс басшылығының қатысуымен өтетін Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерекесіне арналған концерт.
15:00-16:00. «Алпамыс батыр» стадионында жастар арасындағы ұлттық ойындар жарысы.
17:00-19:00. «Алпамыс батыр» стадионында Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Мақтааралым – мерейлі мекенім» атты гала концерті.
18 қараша. Мақтаарал ауылдық округі.
12:00-19:00. Ұлттық көкпар ойыны.