Мақтааралдық оқушыларға тегін мектеп формасы берілді

0
2 014

Мектеп оқушыларына аяқкиім, сөмке және мектеп формасы берілді.


Мақтааралдық оқушыларға тегін мектеп формасы берілді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясының жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде «Балаларға бірге көмек берейік!» атты ұранмен акциялар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданы білім бөлімі және «Kaz sapa invest» ЖШС-нің демеушілігімен Абылайхан жалпы орта мектебінде оқитын аз қамтылған 65 оқушыға мектеп формасы мен аяқ киімдер таратылды. Сонымен қатар, Мырзакент кенті әкімдігінің қолдауымен аз қамтылған 15 оқушыға оқу құралдары мен мектеп сөмкелері берілді.

Ауданымыздың мәслихат депутаты, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің директоры Бауыржан Абиловтың және мектеп ұжымының қолдауымен көмекке мұқтаж тағы 35 оқушы анықталып, оның 20-на мектеп формасы және 15-не мектеп сөмкесі мен оқу құралдары үлестірілді.

«Жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беретін ұлттың ұрпағымыз. Сондықтан, біздің ұжым министрлік бастаған бұл акцияны әруақытта қолдап, түрлі деңгейде қайырымдылық акцияларын өткізіп келеді. Аз қамтамасыз етілген оқушылардың жүзінен қуаныш көру – ол біз үшін бақыт!» - деді Б.Абилов.

Айта кетейік, жалпы қайырымдылық акцияларына 1 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын қорытындылау бойынша «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты қорытынды концерт өтіп, іс-шара барысында мектеп оқушылары мен ата-аналардың жүрегіне жылулық ұялады.