М.Байғұт: "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының орындалуы барысы жақсы болғанымен әлі де болса шоулар мен шуларға бой алдырып жіберген секілдіміз

0
1 887

Бұл туралы жазушы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай ОҚО да ұйымдастырылған "Ұлт тарихындағы Ұлы белес" атты республикалық жиында айтты


М.Байғұт:

ERNUR.KZ. Бұл туралы жазушы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай ОҚО да ұйымдастырылған "Ұлт тарихындағы Ұлы белес" атты республикалық жиында айтты ,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Алтын құрсақты аймақта өтіп жатқан бұл жиын Елбасымыздың теңдесіз текті бастамасын түбегейлі жүзеге асыру болып табылады. Табиғаты тамаша, байтағымыздың барлық жері басқаша болған Оңтүстік өлкесіндегі "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының орындалуы барысы жақсы болғанымен әлі де болса шоулар мен шуларға бой алдырып жіберген секілдіміз"- дейді жазушы Мархабат Байғұт.

Рухани құндылықтарымызды жандандыру бағытындағы жиында жазушы, драматург Мархабат Байғұт, Мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталы, республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Хамзабекұлы сынды еліміздің бірқатар азаматтары мінбеге шығып сөз алып, өз ойларымен бөлісті.