«Мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті

0
3 498

ERNUR.KZ. 20 наурыз күні «Қажымұқан» орталық стадионында Шымкент қаласының мектеп оқушыларының арасында «Мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті. «Мектеп лигасы» өткен жылдың қыркүйек айында бастау алып, оқушылар баскетбол, волейбол, кіші футбол, қол добынан кіл мықтыны анықтайды.

«Мектеп лигасының» шеруін халықаралық және Қазақстан чемпионаттарында жеңімпаз болған спортшылар бастап берді. Кейін лигадақатысып жатқан ауданның оқушылары шеруді жалғастырды. Атап айтар болсақ, Абай ауданынан 34 команда, Әл Фараби ауданынан 25 команда, Еңбекші ауданынан 36 команда, Қаратау ауданынан 33 команда қатысуда.

Іс шарада спорттық қойылымдар көрсетілді. Сондай – ақ, мектеп оқушылары флешмоб ұйымдастырып, стадионға жиналғандардың көңілін көтерді. «Мектеп лигасының» ашылу салтанатын «Биік» футбол командасының жолдастық кездесуі аяқтап берді. Ал, турнирдің жеңімпаздары мамыр айында анықталады.