Мектеп оқушылары арасында футболдан ашық біріншілік өтті

0
2 142

Спорт - салауатты өмір салтын қалыптастырады.


Мектеп оқушылары арасында футболдан ашық біріншілік өтті

Түркістан облысы Келес ауданында мектеп оқушылары арасында футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорттық сайыс 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ауданның орталығы Абай ауылында орналасқан Орталық алаңда ұйымдастырылды.

Спорттық шараны Келес аудандық білім, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиев ашып берді. Өз сөзінде қатысқан жасөспірімдерге сәттілік тілеп, үміт артқан сенімді ақтауға тілек білдірді.

Жалпы 6 команда қатысқан футбол сайысы өте тартысты әрі қызықты өтті. Спортшы жасөспірімдердің бәрі де өздерінің шеберліктерінің шыңдалғандығын байқатты.

Сайыс нәтижесінде 1 орынды Келес аудандық №1 спорт мектебі оқушылары жеңіл алса, 2 орынды Сарыағаш аудандық Қажымұқан спорт мектебінің оқушыларынің еншісіне тиді. Ал жүлделі 3 орынды Келес аудандық №2 спорт мектебі оқушылары алды.

Шара соңында жүлдегерлерге арнайы кубок табысталып, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.