«Мектептегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында үгіт-насихат жұмысы жүргізілді

0
3 550

Бәйдібекте білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам өміріне қауіп тудыратын төтенше жағдайларының алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.


«Мектептегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында үгіт-насихат жұмысы жүргізілді

Таяуда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Домалак Ана» жалпы орта мектебінде білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бала өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын күтпеген оқиғалардың алдын алуға бағытталған үгіт насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы бойынша өрттің, төтенше жағдайдың алдын алу әрдайым жауапты мекемелердің бақылауында. Сала мамандары жыл сайын жоспарлы түрде тексеру шаралары жүргізіп, шұғыл жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындықты, ұйымдасушылық мен қырағылықты күшейтуге бағытталған түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізіп отыр.

Осындай тұрақты іс-шараның бірі жуырда «Домалак Ана» жалпы орта мектебінде өтті. Алдымен, Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Ахметов «Домалак Ана» жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларын төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттерді үйлестіруді, өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуымен таныстырды. Сонымен қатар, өрттің тек материалдық залал ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де үлкен қауіп тудыратынын түсіндірді.

«Улы газдан сақтан!», «Мектептегі өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында ұйымдастырылған түсіндірме жұмыстарынан соң Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мұғалімдер мен оқушыларға өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдар, қорғану, балалардың жарақат алуында көрсетілетін алғашқы көмек бойынша оқу-машықтану сабақтарын үйретті.

Үгіт насихат жұмыстарының соңында өрт адам өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін тілсіз жау екені, туындаған шұғыл жағдайға білім беру мекемелері басшылығының жедел мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және өрт қауіпсіздігі ережерелі туралы арнайы әзірленген жадынама парақшалары таратылды.