Мемлекеттік қызметкерлер электронды цифрлы қолтаңбаны салық басқармасынан ала алады

0
922

ЭЦҚ алу үшін өзімен бірге жеке куәлігі және флэш тасығыш болуы қажет.


Мемлекеттік қызметкерлер электронды цифрлы қолтаңбаны салық  басқармасынан ала алады

Мемлекеттік қызметкерлер электронды цифрлы қолтаңбаны салық басқармасынан ала алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы және Түркістан облыстық кірістер басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік қызметкерлерге жыл сайынғы салық есептілігін (декларация) тапсыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары кірістер басқармасына іссапарға жіберіліп, мемлекеттік қызметкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны(ЭЦҚ) ашуға болатындығын хабарлайды.

Енді Түркістан облыстық мемлекеттік қызметшілері халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ кірістер басқармасынан ЭЦҚ ала алады.

ЭЦҚ алу үшін өзімен бірге жеке куәлігі және флэш тасығыш болуы қажет. Бұдан басқа, әлі өтпеген ЭЦҚ-ның мерзімін Ұлттық куәландырушы орталықтың pki.gov.kz. сайтында ұзартуға болатынын еске саламыз .

Салық төлеушілерге ЭЦҚ мемлекеттік қызметтерді алу қажет. Оның көмегімен қазақстандықтар салықтық өтініш бере алады, есептілікті тапсыра алады және тоқтата алады сонымен қатар өзге де мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне ие болады.