Түркістан облысының уәкілі созақтық мемқызметшілермен кездесті

0
1 285

Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Түркістан облысының уәкілі созақтық мемқызметшілермен кездесті

Таяуда Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдардағы облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә. Әлішев Созақ аудан әкімдігінде және осы ауданға қарасты Қыземшек кенті мен Жуантөбе ауыл округінде болып, мемлекеттік қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан баспасөз қызметініне сілтеме жасап.

Түркістан облысы жергілікті атқарушы органдардағы облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Әлішев Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі-аудан әкімі аппаратының басшысы Оразов Қалдыбек Әбілдаұлымен бірге аудан мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында қызметтік әдеп нормалары жөнінде сөз етті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндірді, қызметтік әдеп нормаларысының қағидаларын атап көрсетті. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал турасында консультация берді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға шақырды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырды,

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Әлішев өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес айтты.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің туындағын сауалдарға жауап беріп, ұсыныс пікірлерді тыңдады.