Мереке аясында Тәуелсіздік құрдастары мен ауыл жастары кездесті

0
1 190

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Мен және менің полицейім» акциясы аясында іс-шара өткізді.


 Мереке аясында Тәуелсіздік құрдастары мен ауыл жастары кездесті

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбар ауылына қарасты №18 колледждің акт залында ҚР Тәуелсіздігінің 27 жыл толу мерекесіне орай «Тəуелсіздік құрдастары» атты кеш өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кеш қонағы ретінде арнайы шақырылған Тәуелсіздік құрдастары — №18 колледждің ұстазы Қ.Утелбаева мен Шұбар ауылы округі «Жастар ұйымының» жетекшісі Қ.Өтебек колледждің студент жастарымен кездесті. Кеш қонақтары мен қатысушы жастар егемен еліміздің өткені, бүгінгісі және болашағы жайлы сөз қозғап, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Т.Манабаев пен М.Қайырбек ҚР Ішкі істер министрлігінің 2018 жылға арналған операциялық жоспарының 6 тармақ, 2-бөлімін орындау үшін республика аумағында «Мен және менің полицейім» акциясы аясында іс-шара өткізді. Онда студенттерге жолда жүру, қоғамдық орындардағы әдеп пен тәртіптің негізгі ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықбұзушылықты болдырмау, түнгі уақытта ата-аналарынсыз жүрмеуі жайында сөз етілді.