Мереке қарсаңында Ордабасыда бірқатар спорттық сайыстар ұйымдастырылды

0
1 554

Ауданның футбол, қазақ күресі, тағы басқа спорт түрлерінен кіл мықтылары күш сынасты.


Мереке қарсаңында Ордабасыда бірқатар спорттық сайыстар ұйымдастырылды

16-желтоқсан — Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Түркістан облысы Ордабасы ауданында бірқатар спорт түрлерінен сайыстар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтар болсақ, аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қажымұқан ауыл округіндегі «Ұлытау» спорт кешенінде ересектер арасында кіші футболдан жарыс өтті. Додаға 17 команда қатысып, ала доптың шеберлері анықталды. Нәтижесінде жүлделі І-орынды Темірлан командасы, ІІ-орынды Палуандар командасы және ІІІ-орынды Қарақұм командасы иеленді.

Сонымен қатар, 1 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Ордабасы ауданының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 2008-2010 жылдары дүниеге келген 50-ден астам палуандар қатысып, өз бақтары мен баптарын сынады.

Спорттық ойындардың өтуіне ұйытқы болған Ордабасы аудандық спорт бөлімі қызметкерлері сайыстар барысында қатысушыларға спортта үлкен белестерді бағындыруды, спорттық жетістіктері арқылы еліміздің атын әлемге паш етуді тілеп, сенімдерін білдірді. Сондай-ақ, алдыңғы қатарлардан көрінген спортшылар мен командалар арнайы дайындалған сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.