Мереке күні кентаулық 180 отбасы баспаналы болды

0
1 425

Пәтер кілттерін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев табыстады.


Мереке күні кентаулық 180 отбасы баспаналы болды

Кентау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 180 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев көршілікті мерекемен құттықтап,пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Ш.Уалиханов көшесінен жаңадан салынған 186А тұрғын үйде 1 бөлмелі 15 пәтер, 2 бөлмелі 15 пәтер, 3 бөлмелі 30 пәтер бар.
5 қабатты тұрғын үйде, 60 пәтер бар. Бас мердігер «Ныш-Ер» ЖШС.
Жалпы Кентау қаласында ағымдағы жылы 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900-дей жанұя баспанамен қамтылады деп жоспарлануда.