​Миллионер қаланың мейрамында 2 мың адам бас қосты (видео)

0
1 310

Наурыз алаңында «Миллионмен бірге жарқырайық!» атты флэшмоб ұйымдастырылды. Өздерінің қуаныштарын бөліспекті ниет еткен 2 мыңдай қалалықтар бас қосты.


​Миллионер қаланың мейрамында 2 мың адам бас қосты (видео)

фото: voxpopuli.kz

ERNUR.KZ. Миллионер қалалардың қатарын толықтырған Шымкентте күн сайын түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Шымкенттіктер тарих парағына алтын әріптермен жазылатын сәтті ерекше етіп тойлауды жалғастыруда деп хабарлайды otyrar.kz.

Наурыз алаңында «Миллионмен бірге жарқырайық!» атты флэшмоб ұйымдастырылды. Өздерінің қуаныштарын бөліспекті ниет еткен 2 мыңдай қалалықтар бас қосты. Іс-шара барысында тұрғындар бір мезетте мыңдаған қалта шамын жағып аспанға ұшырды. Табиғат та тосын мінез танытып, алай дүлей дауыл тұрып, артынша жаңбыр себелеп қоя берді. Оған найзағайдың жарқылын қосыңыз. Табиғат та миллионер қаланың мерейлі мерекесімен «құттықтап», үн қатқандай болды.