Министр түркістандық зейнеткерді марапаттады

0
817

Ол «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапатталды.


Министр түркістандық зейнеткерді марапаттады

Қазан айының соңғы жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы күннің қарсаңында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында саланың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арнайы шарада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістан облыстық Еңбек инспекциясының ардагері, зейнеткер Мұханмадияр Баяндиевті әлеуметтік-еңбек саласындағы көп жылғы адал еңбегі, сондай-ақ еңбек жолындағы жоғары нәтижелері үшін «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапаттады.
Айта кетейік, Мұханмадияр Дарменұлы 1956 жылы Арыс ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен «Әлеуметтік жұмыс үздігі» төсбелгісімен марапатталған.