​Мұғалім беделін арттыру - Жолдаудың басым бағыттарының бірі

0
176
Мінберде Жолдау жайлы ойымен бөлісіп, баяндама жасаған колледждің экономикалық пәндер оқытушысы Шырынкүл Асқарова қазақстандықтарға тың серпіліс берген Жолдаудың бағыттарына жеке дара тоқталып өтті.

​Мұғалім беделін арттыру - Жолдаудың басым бағыттарының бірі

«Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде» Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында колледж студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оған аталған орта арнаулы оқу орнының директоры Айдос Абпазов пен оқытушылар қатысты. «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының басым бағыттарының бірі - мұғалім беделін арттыру болып отыр. Көпшілігің болашақ мұғалімсіңдер. Ертеңгі күні сендердің де алдарыңда болашақ ұрпақты тәрбиелеу міндеті тұр. Білім саласына енгізілген жаңашылдықтарға, заман талабына қарай бағдарлану кемел келешекке бастайтын жол. Ал, білім мен тәрбие беруде Жолдау - мұғалімдерді адастырмайтын бағдаршам іспетті»,-деді Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов.
Мінберде Жолдау жайлы ойымен бөлісіп, баяндама жасаған колледждің экономикалық пәндер оқытушысы Шырынкүл Асқарова қазақстандықтарға тың серпіліс берген Жолдаудың бағыттарына жеке дара тоқталып өтті. Дамыған отыз елдің қатарына қосулы үшін атқарылар істер қаншама деген тарих пәнінің оқытушылары - Гүлжан Куланова мен Бибігүл Абдуалиевалар бірлігі жарасқан еліміздің өркендеуіне әрбір отандасымыздың қосар үлесі маңызды екендігін сөз етті.
Жиынды қорытындылаған Айдос Кенжеханұлы өзі басқарып отырған колледж ұжымының Елбасы Жолдауын қолдайтындығын жеткізіп, білім саласына қойылған міндеттер мен жауапкершілікті абыроймен атқара береміз деген пікірін білдірді.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет