Мұнай магнатының немересі Шымкент зообағына сыйлық жасады

0
1 320

Ол Шымкент қаласындағы зообаққа арыстанның төрт айлық аланын өз қолымен әкеліп табыстады, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі Today.kz-ге сілтеме жасап.


Мұнай магнатының немересі Шымкент зообағына сыйлық жасады

фото: ашық дереккөзден

Бұған дейін бірнеше миллиондық тортты сонау мәскеулік аспазға жасатып, үйлену тойын бүкіл қазақстандықтар қызыға да, қызғана талқылаған олигарх Серікжан Сейітжановтың немересі Әміржан осылай жомарттық танытты. Ол Шымкент қаласындағы зообаққа арыстанның төрт айлық аланын өз қолымен әкеліп табыстады, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі Today.kz.-ге сілтеме жасап.

-«Конор» есімді жаңа тұрғын қысқы вольерға қоныстанды. Оның денсаулығы өте жақсы. Жаңа жайға ептеп үйренісіп, тіпті көршілес аңдарға өзінің ханға тән мінезін көрсетіп те үлгеруде», дейді аталмыш саябақ жұмысшысы.