Мырзакентте спорт саласына жағдай жасалынып жатыр

0
1 381

Мырзакенттік спортшылар барлық салада жетістіктерге жетіп, аудан, ауылдың атағын облысқа танытуда


Мырзакентте  спорт саласына жағдай жасалынып жатыр

Мақтаарал ауданының ортылығы Мырзакент кентіндегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушылары Қазығұрт ауданы әкімдігінің жүлдесіне арналған бокстан өткен облыстық турнирге қатысып, жоғары белестерден көрініп қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокстан өткен облыстық турнирде спорт мектебінің оқушылары Асхат Бекбосын ІІ орын, Нұрғиса Нажимиддин ІІІ орынды иеленіп, мақталы өлкенің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, А.Бекбосын Түркістан облыстық құрама командасының сапына қабылданып, ҚР Чемпионатының аймақтық жарысына қатысу жолдамасын жеңіп алды.
Жас боксшыларды дайындаған спорт мектебінің жаттықтырушылары Нұрбек Демеуов пен Ерғали Ердешов екенін айта кету керек. Мырзакенттіктер баскетболды да шебер ойнайды. 25-29 қазан күндері спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушыларынан құралған команда Отырар ауданында баскетболдан өткен облыстық турнирдің чемпионы атанды.
Ұлағатты ұстаз, белгілі бапкер Т.Рахметовтың жүлдесіне арналған турнирде Мырзакент спорт мектебінің жаттықтырушылары М.Катешов және Н.Катешовтың оқушылары осылайша жеңістің тұғырынан көрінді.