«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев Арыс қаласына іссапармен келді

0
1 316

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мақташы ауылы "Жамбыл" мектебінде орын тепкен Штабтың жұмысымен танысты.


«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев Арыс қаласына іссапармен келді

Бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев Арыс қаласындағы орын алған оқиғаға байланысты арыстықтардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғашқы іссапарын Ордабасы ауданындағы "Тауке хан" мектебінде орналасқан зардап шеккен азаматтарды уақытша қабылдау пунктіне келді.
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев зардап шеккен азаматтармен тілдесіп, қал жағдайларын сұрап білді. Онда ол зардап шеккен азамттарға барлық көмек түрлері көсетілетіндігі, сондай-ақ жақын арада барлығы үйлеріне қайтарылатындығын атап өтті.
Бүгінде аталмыш орында 112 адамға көмек көрсетілуде. Оның 65-і ер, 47-і әйел. Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық балаладың құқығын қорғау жөніндегі кеңесі 50 қорап, яғни, 2400 адамға киім-кешек, азық-түліктер мен дәрі-дәрмектерді жеткізіп отыр.
Ленгер қалалық емханасының дәрігері Жасболат Қапаловтың айтуынша қазіргі уақытқа дейін 5 адам емханаға жіберілген. Олардың бірінің аяқ-қолы сынса, бірін күйік шалған және де талма ауруымен емханаға жөнелтілген.
Сондай-ақ осындағы азаматтарға психологиялық көмекте әрбіріне жеке-жеке көрсетілуде. Бүлдіршіндерге арналып балабақша бөлмесі ұйымдастырылса, жасы үлкен балаларға оқыту-үйрету бөлімі өз жұмысын жасауда.
Сонымен қатар, зардап шегушілерге бүгінде 6 мезгіл тамақ берілуде. Толық азық-түлікпен қамтылып отыр.
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мақташы ауылы "Жамбыл" мектебінде орын тепкен Штабтың жұмысымен танысты.