«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

0
908

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев филиал аппаратымен және бюро мүшелерімен жиын өткізді.


«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Бүгін Түркістан облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев филиал аппаратымен және бюро мүшелерімен жиын өткізіп, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Nur Otan» партиясы Облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының № 020 қаулысын негізге ала отырып, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 2019 жылдың 9 тамыздағы №148 бұйрығымен Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы тағайындалды.
«Халықпен ашық және кең деңгейдегі диалог орнатуды қайта ұйымдастырып, атқарушы билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың ашықтығын қамтамасыз етуде партияның ролін күшейтуді тапсырамын. Тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдарды қарауды және нәтиже шығаруды, тиісті мемлекеттік органдардың басшыларын, депуттаттық корпусты, фракция мүшелерін тарта отырып, күшейту қажет. Арыста орын алған жағдайға қатысты мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарды елге түсіндіруді белсенді түрде жүргізу керек . Бұл ретте Бейсенбай Дәулетұлы партиялық жобаларды іске асыруда біліктілігін көрсете біледі деп сенемін», деді облыс басшысы.
Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Мамандығы - журналист, құқықтанушы.
Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» ЖШС газеттерінің тілшісі болып бастап, 2005-2017 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС редакциясының Бас редакторы, Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.