Облыс әкімі дәрігер мен диетологтарды ашық алаңға кездесуге шақырды

0
1 763

Денсаулық пен спорт жақын ұғым. Денсаулық жайында осы секілді залда отырып айтуға келмейтінін, келесі жолы ашық алаңда кездескісі келетінін жеткізді.


Облыс әкімі дәрігер мен диетологтарды ашық алаңға кездесуге шақырды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау басқармасы Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы форум ұйымдастырды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиын «ОҚО тұрғындарының денсаулығын сақтау, нығайту саясатын іске асыру» деп аталды. Кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен ҚР Қазақ тағамтану академиясының президенті, профессор академик Төрегелді Шармановтар қатысты. Осы жиында сөз алған облыс әкімі дәрігерлер мен диетологтарды ашық алаңға кездесуге шақырды.

Денсаулық пен спорт жақын ұғым. Денсаулық жайында осы секілді залда отырып айтуға келмейтінін, келесі жолы ашық алаңда кездескісі келетінін жеткізді. Сөз барысында әкім 2018 жылды «Денсаулық жылы» деп хабарлады. Спортпен шұғылданбаған адамға ешқандай дәрі-дәрмек көмектеспейтінін де тілге тиек етті. Жиын барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев академик Төрегелді Шармановқа шапан кигізіп, төсбелгі тақты.

Жиын барысында Шымкент қаласы оқушылар сарайының көркемсурет үйірмесіне қатысушылардың көрмесі қойылды. Суретшілер салауатты өмір салты туралы өз ойларын қағаз бетіне бейнеленген. Бұл көрме форумға қатысушылардың назарын аударып, ерекше көңіл-күй сыйлады.