Облыс оқушылары республикалық «Зерде» байқауында топ жарды

0
1 708

Оқушылардың 5-уі бірінші орын, 5-уі екінші орын, 7 оқушы үшінші орын алды. Аталған сайыс Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті. Байқауға еліміздің барлық облысынан және республикалық білім ұйымдарынан 500-ден астам оқушы қатысқан болатын. Ал біздің өңірімізден 18 жоба бойынша 18 оқушыдан тұратын команда қатысты.


Облыс оқушылары республикалық «Зерде» байқауында топ жарды

Облыс оқушылары ХІІІ республикалық «Зерде» конкурсында топ жарды. Конкурсқа қатысқан 18 оқушының барлығы да өздерінің зерттеу жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Оқушылардың 5-уі бірінші орын, 5-уі екінші орын, 7 оқушы үшінші орын алды. Аталған сайыс Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті. Байқауға еліміздің барлық облысынан және республикалық білім ұйымдарынан 500-ден астам оқушы қатысқан болатын. Ал біздің өңірімізден 18 жоба бойынша 18 оқушыдан тұратын команда қатысты.

Айта кету керек, 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. «Зерде» конкурсының негізгі мақсаты – оқушыларды жастайынан зерттеу жұмыстарына тарту. Сонымен қатар, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру арқылы олардың интеллектуалдық шығармашылық әлеуетін арттыруға сеп болмақ. Оқушылардың жас кезінен бастап шығармашылық жобалау және зерттеушілік дағдыларын дамыту да аталған байқаудың негізгі мақсаты саналады.