​Облыстық орыс драма театрының маңы сүріледі ме?

0
2 512

Ал театр директоры Наталья Шевченко арнайы шырылдап жазған хатымызға биліктегілер мандытып жауап берген жоқ дейді.


​Облыстық орыс драма театрының маңы сүріледі ме?

ERNUR.KZ. Шымкенттегі Асқаров және Бейбітшілік көшелеріндегі екі Арбат құрылысы басталады дегеннен облыстық орыс драма театры ұжымының дегбірі қашты. Себебі, драмтеатрдың айналасындағы көгал, әсем гүлдер, шарбақ сүріледі деген қаңқу сөз өнер ұжымын мазалап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өз қаржысына театр аумағын ажарландырып, көркейткен өнер ұжымы бірнеше жыл басптап, қылқанжапырақты ағаштар мен бағалы өсімдіктерді өсірген. 1,5 млн теңгеге жүргізілген автосуғару жүйесі, көгалдар, қылқанжапырақты ағаштар, гүлдер, барлығы 3 млн теңгенің жұмыстың құны көк тиын болды деп өнер ұжымы қорқынышын жасырмады.

"Автосуаруды тапсырыс беріп жасатып ек. Шеттен бағалы ағаштарды әкеп жерсіндіру оңай болмады. Күндіз түні суарып, баптап жүрміз. Еңбегіміз еш болады ма деп уайымдаймыз. Әрине, қимайсың"-дейді облыстық орыс драма театрының директорының орынбасары Жақсылық Қошқақов.

Ал театр директоры Наталья Шевченко арнайы шырылдап жазған хатымызға биліктегілер мандытып жауап берген жоқ дейді. Шымкент қалалық әкімдіктегілер болса, уайымға негіз жоқ дейді. Шымкенттің бас архитекторы Нұрлан Архабаев көгалдандыру жұмыстарына зарар келмейді, тек шарбақ сүріледі деп сендірді. Оның айтуынша, көгалдандырылған аймаққа тиіспейді, тек плиталар төселіп, жаяу жүргіншілердің тротуарлары кеңейетін көрінеді.