ОҚО: 2 жасар бала үй ауласындағы хауызға батып кетті

0
1 908

Суға батуға қатысты оқиғалар бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Облыстық ТЖД қызметкерлері бүлдіршін қайғылы жағдай орын алған кезде ата-анасының қарауынсыз қалғанын айтады.


ОҚО: 2 жасар бала үй ауласындағы хауызға батып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 2 жасар бүлдіршін суға батып кетті. Қайғылы жағдай Манкент ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Суға батуға қатысты оқиғалар бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Облыстық ТЖД қызметкерлері бүлдіршін қайғылы жағдай орын алған кезде ата-анасының қарауынсыз қалғанын айтады. «18 наурыз күні сағат 19:00-дер шамасында Сайрам ауданы, Манкент ауылы, Набережная көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында абайсызда 2016 ж.т. жас бала суға құлап батып кеткен. Баланың денесін ата-анасы тауып алған», - делінген ТЖД таратқан хабарламада. Департамент қызметкерлері 31-ші қаңтарда Отырар ауданы аумағындағы Арыс өзеніне түсіп кеткен баланың денесі 15 наурыз күні табылғанын жеткізді. Ата-анасының сұранысы бойынша құтқарушылар 7 жасар баланың денесін іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жетінші мәртеде табылғанын алға тартты. Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері суда 4 жазатайым оқиғасы тіркеліп, 1 балықшы мен 3 жас бала қайтыс болған.